Өскемендіктер аспаннан кемпірқосақтың туысын көрді

0
1 547

Айырмашылығы, сәуленің суға емес, мұзға шағылуынан пайда болған


Өскемендіктер аспаннан кемпірқосақтың туысын көрді

ERNUR.KZ. Өскемендіктер бүгін ерекше құбылысқа куә болды, деп жазады altaynews.kz.

Таңсәріде күннің айналасында жарқыраған шеңбер пайда болды. Иә, бұл құбылысты кемпірқосақтың туысы деуге болады. Айырмашылығы, сәуленің суға емес, мұзға шағылуынан пайда болған.

Мұндай жарыққа қарау көзге зиян екені белгілі. Көз қарықтырады. Дұрысы, күннен қорғайтын көзілдірікті пайдаланыңыз.