2018 жылдың тамызындағы көрсеткіш негізінде қазақстандық кәсіпорындардың конвейерінен 2 219 автокөлік құралы шығарылған. Ол 2017 жылдың сәйкес кезеңінен қарағанда жоғары көрсеткіш (1 894 дана).
ERNUR.KZ. «ҚазАвтоӨндіріс» кәсіпорындар одағы 2018 жылдың 8 айының ішінде республикадағы автоөндірушілердің жұмыс қорытындысын жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.
Аталмыш аралықта Қазақстан аумағында жалпы құны 117,8 млрд теңге болатын 19 465 дана автокөлік құралы (жеңіл, ауыр көліктер, автобустар, мамандандырылған көліктер мен тіркемелер) өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,5 пайызға артық көрсеткіш болып отыр. «Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша автобустардың шығарылымы (200 дана) 2,2 есеге азайып кетті. Сонымен қатар, ауыр жүк көліктерінің (689) өндірісі 6 пайызға, ал мамандандырылған көліктер 18 пайызға (107 дана) төмендеді. Ал тіркемелердің шығарылымы 181-ден 263-ке көбейді», - делінген хабарламада.
2018 жылдың тамызындағы көрсеткіш негізінде қазақстандық кәсіпорындардың конвейерінен 2 219 автокөлік құралы шығарылған. Ол 2017 жылдың сәйкес кезеңінен қарағанда жоғары көрсеткіш (1 894 дана).
«Отандық автозауыт автокөліктерінің өтімділігі 18 001 данаға дейін жетті. Бұл өткен жылдың аталған аралығымен салыстырғанда 58,9 пайызға көп (11 330 дана). «ҚазАвтоӨндіріс» кәсіпорындарының нарықтық үлесі 47,5 пайызға дейін өсті. Республика тұрғындарының жергілікті өндірістегі автокөліктерге кетірген шығындары 103,8 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңінен қарағанда 57,8 пайызға артық) құрады», делінген хабарламада.
Отандық өндірістегі автокөліктердің сатылым жағынан «АЗИЯ АВТО» АҚ бірінші орында тұр. Аталмыш кәсіпорын 8 айдың ішінде 10 228 дана автокөлік сатқан. «СарыаркаАвтоПром» ЖШС осы аралықта 6 914 автокөлік саудалаған. Рейтингтің үштігін «СемАЗ» ЖШС түйіндейді. Аталған кәсіпорын 8 айда 342 техника өткізсе, одан кейінгі орындарда «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (274 дана), «Hyundai Trans Auto» ЖШС (176 дана) мен «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС (67 дана) орналасқан. Қазақстандық өндірістегі сұранысы жоғары жеңіл автокөліктердің бестігін 8 айдың ішінде Lada (8 104 дана), Hyundai (4 637 дана), KIA (1 533 дана), JAC (955 дана) пени Chevrolet (631 дана) құрайды.