Отарда борышын өтеп жүрген сарбаз өз саусағын өзі кесіп тастаған

0
157

​Құрлық әскерінің баспасөз қызметі тиісті комментарий берді.


Отарда борышын өтеп жүрген сарбаз өз саусағын өзі кесіп тастаған

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы Отар әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың бірі өз саусағын өсі кесіп тастаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ресми дереккөзге сүйенсек, оқиға 6 қаңтарда болған. Бірақ, Құрлық әскерінің баспасөз қызметі желіде таралған ақпаратты, яғни, сарбаз балтамен өз саусағын шауып тастады деген ақпаратты растаған жоқ.

«2026 жылдың 6 қаңтарында қатардағы сарбаз таңғы тексеру кезінде казарманың алдында тұрып, темір затпен сол қолының саусақтарын жаралады. Жауапты тұлғалар оны бірден әскери госпиталге апарып, дәрігерлер оған көмек көрсетті. Қазір сарбаздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлайды Құрлық әскері.

Сондай-ақ, Құрлық әскерінің баспасөз қызметі «сарбаз тікелей командирлерінен ұрыс естігеннен кейін саусағын кесіп тастаған» деген ақпаратты да жоққа шығарды.

«Сарбаздың өзі жеке басындағы мәселелерге байланысты осы әрекетке бардым дейді. Бұл әрекеті әскермен, әскердегі лауазымды тұлғалармен, командирлермен байланысты емес. Тікелей басшысы ескерту жасаған соң саусағын кесіп тастады деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлайды Құрлық әскері.

Осы оқиғадан кейін Әскери бөлімге комиссия атанғаны белгілі.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Шымкентте борышын өтеп жүрген тағы бір сарбаз әскери бөлімде «қан ауруынан» көз жұмған болатын.