Соңғы тәулікте 1747 адамнан коронавирус, 80 адамнан пневмония анықталды.
Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 24, ал пневмониядан 2 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сондай-ақ 1747 адамнан коронавирус, 80 адамнан пневмония анықталды.
28 мамырдағы жағдай бойынша елде коронавирус жұқтырған 30 153 адам бар (29 576 КВИ+ және 577 КВИ-), оның ішінде 11 432 пациент стационарда, 18 721 пациент амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.
КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:
- 665 науқас ауыр жағдайда,
- 154 науқас өте ауыр жағдайда жатыр,
- 101 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.