Отын тапшылығына байланысты әуе рейстері тоқтамайды

0
619

​Қазақстанда шілдеде авиаотын ішкі нарық үшін әдеттегіден үштен бір есеге аз өндірілді.


Отын тапшылығына байланысты әуе рейстері тоқтамайды

ERNUR.KZ. Шілдеде Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) жоспарлы-алдын алу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ішкі нарықта ағымдағы айда авиаотын өндірісінің жалпы көлемі 43 мың тоннаны құрады, бұл орташа айлық өнімнен 20 мың тоннаға аз, - деп жазады sputnik.kz.

Соған қарамастан отынды тұтыну көлемі айтарлықтай өсті.
"Мәселен, мамыр мен маусым айларында авиаотынды тұтыну айына 80 мың тоннаға дейін өсті. Шілде мен тамызда айына 90 мың тонна тұтынылады деп жоспарланып отыр", - деп түсіндірді ведомство.
Авиакомпаниялардың ұшу бағдарламасының бұзылуына және рейстердің тоқтап қалуына жол бермеу мақсатында энергетика министрлігіне шілде айында отандық авиакомпаниялар (Эйр Астана, СКАТ, Qazaq Air) арасында авиаотынның көлемін басым тәртіппен бөлу ұсынылды.
"Сондықтан тұрақты жолаушылар рейстерін уақытша тоқтата тұру немесе біржолата тоқтату бойынша қауіп жоқ, ал Алматы қаласының әуежайы үшін келісімшарт жасалған авиаотынның, оның ішінде импорттық авиаотынның негізгі көлемі жолда келе жатыр", - деп хабарлады комитет.
Бұған дейін Алматы әуежайы ұшақтарға жанармай құюды тоқтатқаны, оған авиаотынның жетіспеушілігі сбеп болғаны туралы хабарланған болатын.