Өз қызына сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деп айыпталған Әділхан Сәкеновке қатысты үкім өзгеріссіз қалды

0
121

Жаға ұстатарлық жағдай бір жыл бұрын болған.


Өз қызына сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деп айыпталған Әділхан Сәкеновке қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Фото: yandex.kz

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстанда апелляциялық сот өзінің 8 жастағы қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасады деп айыпталған Әділхан Сәкеновке шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін Салтанат Нүкенованың ісі бойынша танылған адвокат Игорь Вранчевті жалдаған, деп жазады stan.kz.

Жаға ұстатарлық жағдай бір жыл бұрын болған. 29 жастағы Әділхан Сәкенов үйде ешкім жоқ екенін пайдаланып, өзінің сегіз жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған. Бұны айыпталушының қызы телефонына түсіріп үлгерген. Кейін суреттерді анасы көріп, полицияға жүгінген.

Ақпан айында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 29 жастағы айыпталушыға үкім шығарып, оны өмір бойына бас бостандығынан айырған еді. Мұндай шешіммен келіспеген олар апелляциялық шағым түсірді. Бұл жолы сотта Әділхан Сәкеновті үш бірдей адвокат қорғады. Олар айыпталушының кінәсіз екенін дәлелдемек болып, оның әрекетін Қылмыстық кодекстің сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бабының 1-бөлігі бойынша қарауды сұрады. Бұл баптың санкциясы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылмаған.

Алайда істі қараған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы осыған дейін шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Еске салсақ, бұған дейін айыпталушы Әділхан Сәкеновтың әкесі өңірде белгілі азамат екенін жазған едік. Қайрат Пішенбаев облыстың төрт бірдей ауданында әкім болған. Бір кездері тіпті, Қызылжар аудандық "Нұр Отан" ХДП төрағасы қызметін атқарды. Қазір зейнетке шықса да, "Ауыл" партиясының солтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы болып отыр.