Өз-өзіне қол жұмсаған ауыл мұғаліміне қатысты білім басқармасы жауап берді

0
1 094

Мектеп директоры қайғылы оқиға болар алдында бірнеше күн бұрын мұғалім науқастанып (аппендицит) аудандық ауруханаға түскен деп есеп берген.


Өз-өзіне қол жұмсаған ауыл мұғаліміне қатысты білім басқармасы жауап берді

ERNUR.KZ. 17 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Сайқұдық ауылында 22 жастағы мұғалім өз-өзіне қол жұмсады. Осыған байланысты облыстық білім басқармасы жауап берді, деп жазады exk.kz.

"Әріптесіміздің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, оның құрамына бірнеше саланың өкілдері енгізілген", - делінген хабарламада.

Мектеп директоры қайғылы оқиға болар алдында бірнеше күн бұрын мұғалім науқастанып (аппендицит) аудандық ауруханаға түскен деп есеп берген.

"16 қаңтарда денсаулығына байланысты мұғалім жұмысқа келмеді. Келесі күні таңертең мектеп директорына қайғылы оқиға туралы хабар түскен. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел тексеріс шараларын жүргізуде", -делінген хабарламада.