Өзбекстандық әнші шалбарының түсі үшін бір айға сахнадан қуылды

0
712

Ол енді Мәдениет министрімен және «Өзбекконцерт» басшылығымен кездесуге ниетті.


Өзбекстандық әнші шалбарының түсі үшін бір айға сахнадан қуылды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда Карниза лақап атымен танымал әншіге бір айға сахнаға шығуға тыйым салынды. Әнші өнер көрсеткен шалбарының түсінің кесірінен лицензиясынан айырылды. Бұл туралы жергілікті «Daryo» басылымына сұхбат берген Өзбекстанның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Баходүр Ахмедов айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Үйлену тойларының бірінде өнер көрсеткен әншінің киімі көпшіліктің сынына ұшырады. Жас қыз үстіне ақ жейде, былғары күртеше және түсі ақшыл-сары келген шалбар киген еді. Бейнежазбадағы кадрларда әнші шалбарсыз жүргендей көрінген.

«Кеңес мүшелері Карниза Ахмедовадан лицензияны қайтарып алу туралы шешімді бірауыздан мақұлдады. Оған қатаң ескерту жасалды. Егер ол бір ай ішінде сахна киімін қайта қалпына келтірсе, лицензияға қайта өтініш бере алады. Шынымды айтсам, маған бұл қыздың неге мұндай қадамға барғаны түсініксіз. Оған бұның не керегі бар? Ол ақылды, жоғары білімді адам. Егер бір ай ішінде ол қателерін түземесе, онда бұдан да қатаң шаралар қабылданады. Басқа әртістер де осыны ескереді деген ойдамыз», - деді Баходүр Ахмедов.