"Өзіміз ғой" әсер етпейді": тестілеу орталығының жаңа басшысы достарының өтініші туралы айтты

0
1 279

"Тест тапсыруға көмектесуге немесе смартфон кіргізуге қол ұшын беру жайлы өтініш мені ашық түрде кемсітеді" -деді ол.


ERNUR.KZ. Ұлттық тестілеу орталығының жаңа басшысы Дидар Смағұлов өз Facebook парақшасында "Өзіміз ғой" әсер етпейді" деген тақырыппен достарының және туыстарының "мәселені шешу" туралы өтініштері жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды nur.kz.

Тестілеу орталығының жаңа басшысы алғашқы жұмыс күні бұл туралы жазғаны ыңғайсыз болғанымен, өзінің қызметте не үшін отырғанын түсіндіруге міндетті екенін айтты.

"Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктен сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың біріне әлдекімге тест тапсыруға көмектесуге немесе смартфон кіргізуге қол ұшын беру үшін келген жоқпын. Мұндай өтініш мені ашық түрде кемсітеді. Кейбіреулер маған қоңырау шалып, құттықтап артынша бірден "мәселені шешуді" сұрады",- делінген Смағұловтың жазбасында.

Дидар Нұркенұлының сөзінше, ол енді өзіне осындай өтініштер айтатын адамдармен байланысын тоқтатады.

"Өкінішке қарай, біреулер үшін грантқа түсу- жоғары білім алудың жалғыз мүмкіндігі. Егер мен 2008 жылы заң факультетіне грантқа түспесем, асқақ армандарымның орындалғанын көрмес едім. Себебі, Қарағанды университетінің өзінде ақша төлеп оқыту менің жанұям үшін мүмкін емес нәрсе еді",- деді ол.