Өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет – Олжас Бектенов

0
424

Тұқымның импортына тәуелділік бойынша мәселе бар.


Өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет – Олжас Бектенов

ERNUR.KZ. Премьер-Министр Олжас Бектенов Азық-түлік корпорациясына жинақталған қордан 200 мың тонна тұқымды фермерлерге тауарлық несие түрінде бөлуді тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

"Сапалы тұқым қоры мен тұқымның импортына тәуелділік бойынша да проблемалар жеткілікті. Әсіресе, бұл ұсақ және орта шаруашылықтар үшін өзекті болып отыр. Фермерлер жақсы тұқымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып, шағымданады. Азық-түлік корпорациясы жинақталған қордан кемінде 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық кредит түрінде бөлуі керек. Біздегі климаттық жағдайларға төзімді, өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет", - деді Үкімет басшысы.

Оның сөзінше, агротехнологиялық талаптардың сақталмауы да өнімнің көлемі мен сапасына кері әсерін тигізіп отыр.