Өзін қыз ретінде таныстырып жүрген алаяқ Павлодарда ұсталды

0
509

Күдікті миллион теңгеден астам айыппұл арқалауы немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.


Өзін қыз ретінде таныстырып жүрген алаяқ Павлодарда ұсталды

ERNUR.KZ. Бірнеше қала тұрғынын алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқ Павлодар қаласында ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

"Жамбыл облысының тұрғыны әлеуметтік желідегі instagram-да фейк парақша ашқан. Өзін қыз ретінде таныстырған ол оқырмандарды ақшаларын инвестициялық жобаларға салуға үгіттейді. Ал айналымға түсетін қаражатты ер адам “1Xbet” букмекерлік кеңсесіндегі шотына аударуды сұраған”, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Күдікті осылайша елдің әр өңірінің 50 тұрғынын алдап соққаны мәлім болды. Жәбірленушілер оның шотына 10 мыңнан 200 мың теңгеге дейін ақша салған, алғашқы болып қаражат аударғанның бірі Павлодар облысының тұрғыны болып шықты.

Күдікті ұсталды. Осы іске қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Аталған бап бойынша 400 айылық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе сол көлемде түзеу жұмыстарына тарту, мүлкін тәркілеу арқылы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.