«Пайғамбардың әйелі де бақырған»: Нұрлан имам ерлерге құнды кеңес айтты (видео)

0
294

Ол әйелдерді төркінге жіберіп тұрған дұрыс дейді.


«Пайғамбардың әйелі де бақырған»: Нұрлан имам ерлерге құнды кеңес айтты (видео)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде атақты болған дінтанушы, Ырыскелді қажы атындағы мешіттің имамы Нұрлан Байжігітұлы әйелдері ұрыс шығарған ерлерге ақылын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Әйелдің әңгімесі маған да ұнамайды. Көршісін, енесін, анасын айтады. Соған шыдау керек. Бақырып жатқан кезде бетіне қарап тұра бер. «Жап аузыңды» деп қол көтерме. Ән айтып жатыр деп ойла, айтып болған соң «жаным» де, сонымен мәселе бітеді. Пайғамбардың әйелі де бақырған. Әйелдің табиғаты сол, сөйлеу, ол – бақырушы. Анда-санда көңіл бөліп тұрсаңыздар, әңгіме сыртқа шықпайды», - дейді Нұрлан имам.

Оның айтуынша, күйеуінен осындай жылулық сезінген әйел ер адамның қателігін жасырып тұрады.

«Кей кезде төркініне барады. Сол кезде қырылыспай, төбелеспей жіберу керек. Біздікілерде төркінге жіберер күні қырғын болады. Інісінің туған күніне жібергісі келмей жатады. Біз үйдегі дүниені айта ма деп, мені жамандайды деп қорқамыз, мен де қорқатынмын бұрын. Ол жақ бәрін біледі. Баяғыда айтып қойған. Сені мақтайды. Сондықтан жақсы сөзіңізді айтып, жіберіп тұру керек. Патша болғың келе ме? Әйеліңді ханша қылды дейді», - дейді ол.