Пандемияға қарамастан Қазақстан қор биржасы қарқынды дамыды

0
2 425

Құнды қағаздар нарығында жасалған шарттар өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда 80% өскен.


Пандемияға қарамастан Қазақстан қор биржасы қарқынды дамыды

ERNUR.KZ. KASE-нің басқарма төрағасы 2020 жылдың негізгі көрсеткіштері туралы айтты. 2020 жылдың 11 айында KASE-дегі құнды қағаздар нарығы 40%-ға ұлғайып, акциялар мен пайлық инвестициялық қорларды қоса алғанда 7 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы KASE-нің басқарма төрағасы Алина Алдамберген айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Құнды қағаздар нарығында жасалған шарттар өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда 80% өскен. Өсім басқа да бағыттар бойынша байқалады. Атап айтқанда құнды қағзадар мен инвестицялық қорлардың құнды қағаздары, қаржы нарығындағы репо саласы бойынша бір күнде орташа есеппен 456 келісім жасалған.

Өткен 11 айдағы жалпы келісім көлемі +37,8% өсіп, 371 196 болған. 2019 жылы ұқсас мерзімде 269 408 келісімді құраған еді. Алайда бір күндік орташа сауда көлемінде төмендеу байқалады. Бұл көрсеткіш -2,8% -ға немесе 11 миллиард теңгеге азайған.

2019 жылдың ұқсас мерзімінде сауда көлемі 108 трлн 757,7 млрд теңгені құраған еді, биыл көрсеткіш 105 трлн 687,2 млрд теңге болды. Ал жеке инвесторлар саны өсіп 129 267 шотқа жеткен. Олардың 14 мыңыы белсенді, 53% акциялардың екінші деңгейлі нарығына қатысушы.

Акция нарығында да өсу бар, өткен жылмен салыстырғанда 12,8% жоғарылап, 213,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл бағытта келісім саны да 2 есе өсіп, 171 741-ға жеткен. Бұл ретте KASE индексі 2008 жылдың маусымынан бері бірінші рет 2643,80 пунктке тең болып, ең жоғары көрсеткішке жеткен. Алина Алдамбергеннің айтуынша бұл оқиға биыл KASE индексінің 20 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Қор төрағасы биыл пайлық инвестициялық қорларға сұраныс артқанын айтады. Бұл бағыттағы көрсеткіш 20 есеге өсіп, келісім 9 есеге артқан.