​Парламент депутаттары елордаға Астана атауын қайтаруды қолдап дауыс берді

0
596

Парламенттің шешімімен елордаға бұрынғы атауы қайтарылды.


​Парламент депутаттары елордаға Астана атауын қайтаруды қолдап дауыс берді

Парламент депутаттары елордаға Астана атауын қайтаруды қолдап дауыс берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ал оны іске асыруға қосымша қаржы талап етілмейді.

Біріншіден, «Астана» атауы әлемге танымал. Сондықтан оны басынан бастап жұртқа жарнамалаудың қажеті жоқ.

Екіншіден, ономастикалық инфрақұрылымдарды өзгертуді (бағыт сілтейтін тақтайшаларды, белгілерді және т.б) ағымдағы әкімшілік шығындар арқылы және олардың ескіруіне қарай ауыстыруға болады.

Үшіншіден, шығындар туризм мен сауда салаларының табысы арқылы өтелетін болады.