Парламент Мәжілісіне жаңа депутат келді

0
461

Нұрсұлтан Төленұлы 1991 жылы туған.


Парламент Мәжілісіне жаңа депутат келді

ERNUR.KZ. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов депутат ретінде ант берді, деп жазады inform.kz.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді Н. Байтілесов.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Төленұлы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында AMANAT партиясы cаяси кеңесі бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісі депутатының партиялық тізім бойынша бос мандаты Байтілесов Нұрсұлтан Төленұлына берілді.

Нұрсұлтан Төленұлы 1991 жылы туған.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының магистрі.

2020 жылы ол Жоғарғы сот аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды.