Пәтерінде адыраспан жаққан елордалық әйел көршілерін шошытты

0
725

Тұрғындар болып жатқан жағдайды камераға түсіріп алған.


Пәтерінде адыраспан жаққан елордалық әйел көршілерін шошытты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы "Миллениум Парк" тұрғын үй кешенінің тұрғындары көрші терезеде болып жатқан жағдайды өрт деп ойлап, полиция шақырған. Алайда, олардың ойы дұрыс болмаған, деп жазады Stan.kz.

Тұрғындар болып жатқан жағдайды камераға түсіріп алған. Бір-бірімен сөйлескен олар көрген оқиғасына алаңдаушылық білдірді: қарама-қарсы үйдегі пәтедің терезесінде жеткілікті түрде жалын көрінді, содан кейін әйел терезеден жанып жатқан нәрсені лақтырып жіберді және ол төмендегі көршілердің балконына құлады.

16 қараша күні сағат 01:17-де "102" арнасына өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді, өрт шыққан жоқ. Мән-жайды анықтау барысында тұрғын адыраспанды өртеп жібергені анықталды. Қазіргі уақытта пәтер иесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аудандық ТЖБ жіберілді", - деп хабарлады ведомствода.