Павел Дуров Қазақстанда ашылатын ЖИ зертханасы туралы айтты

0
144

Бұл туралы Дуров халықаралық Digital Bridge 2025 форумының пленарлық отырысында айтты.


Павел Дуров Қазақстанда ашылатын ЖИ зертханасы туралы айтты

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі "ВКонтакте" мен Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанда Alem.ai жасанды интеллект зертханасы ашатылғанын жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Дуров халықаралық Digital Bridge 2025 форумының пленарлық отырысында айтты.

"Бүгін осы ғимаратта мамандандырылған жасанды интеллект зертханасы Ale.ai-ды ашатынымызды мақтанышпен хабарлаймын. Бірінші жоба Telegram мен осы елдің Жасанды интеллект министрлігі іске қосқан қазақстандық суперкомпьютер кластерінің ынтымақтастығы болмақ".

Ол болашақ желі үш негізгі қағидатқа сүйенетінін атап өтті:

  • TON блокчейні қамтамасыз ететін ашықтық;
  • смарт-келісімшарттар мен еркін нарық динамикасы есебінен қол жеткізілетін тиімділік;
  • чип өндірісіндегі жаңа әзірлемелердің арқасында мүмкін болатын құпиялылық.