Павел Дуров Қазақстандағы ауыл балалары үшін 356 мың долларлық грант бөлді

0
458

Ауыл балаларының нәтижелерін көрген Дуров грант санын 12-ге арттырған.


Павел Дуров Қазақстандағы ауыл балалары үшін 356 мың долларлық грант бөлді

ERNUR.KZ. Telegram желісінің негізін қалаушы ресейлік Павел Дуров Қазақстандағы ауыл балалары үшін IQanat мектебіне 356 000 долларға 12 грант бөлді, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы кәсіпкер Айдын Рақымбаев желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Павел Дуров ауыл балалары үшін IQanat мектебіне 356 000 долларға 12 грант бөлді. Осыған дейінгі Қазақстанға сапарында ол біздің мектепті Google Map-тен көріп, келгісі келетінін айтқан. Мектепке келген кезде Дуров оқу процесінің егжей-тегжейін, мыңдаған ауыл балаларының қай форматта олимпиадаларда іріктелетінін сұрап білді. Қарапайым ауыл балаларының керемет нәтиже көрсетіп, шетелдік университеттерге грантқа түсетінін білген ол грант ала алмаған бірнеше баланың оқуына ақша төлеуді ұсынды”, – деді Рақымбаев.

Ауыл балаларының нәтижелерін көрген Дуров грант санын 12-ге арттырған.

"Ол үміткерлерді жеке сұрыптап, олардың ұпайларын көріп, жобаларына қызығушылық танытып, берілетін грант санын көбейтті. Осылайша Қазақстанның ең шалғай аймақтарынан 12 бала IQanat грантына ие болды. Барлығы өз қолымызда, “еңбек етсең ерінбей” демекші 12 ауылдан шыққан балаңның тағдырын мектепке кездейсоқ келген Павел өзгертіп жіберді. Енді балаларға сәттілік тілейміз, оларға артқан сенімді ақтайды деген ойдамын”, – деді Рақымбаев.