Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры 2 айға қамалды - ҚМА

0
357

Ведомство мәліметінше, "ПМХЗ" ЖШС-нің директоры Әлсейітовке қатысты Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты 2 ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.


Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры 2 айға қамалды - ҚМА

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігі Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Павлодар облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры Әлсейітовке және басқа да тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша "ПМХЗ" ЖШС-нің дизель отынын өндіру процесін құрамдастыру жөніндегі функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, "ПМХЗ" ЖШС-нің директоры Әлсейітовке қатысты Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты 2 ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сәйкес өзге де мәлімет жария етуге жатпайды.