Былтыр 1 қыркүйекте футбол клубының менеджері 10 жастағы қызды қонақүйге апарған.
sud.gov.kz
ERNUR.KZ. Павлодар облысында бала зорлаған 30 жастағы футбол менеджері өмір бойына сотталды, деп жазады ulysmedia.kz.
Pavlodarnews.kz басылымының мәліметінше, былтыр 1 қыркүйекте футбол клубының менеджері 10 жастағы қызды қонақүйге апарған. Ал қонақүйдің әкімшісіне оны қарындасы деп таныстырған.
Іс материалдарындағы ақпаратқа сәйкес, қонақүйге келер алдында 30 жастағы ер адам танысымен кездесіп, ішімдік ішкен. Қонақүйдегі бөлмеге қалай келгені есінде жоқ. Тергеу кезінде 10 жастағы қыз айғайлай алмағанын, себебі ер адам оның аузын қолымен басып жауып тұрғанын айтқан. Қонақүйде ер адам мефедрон қолданып, оны кішкентай қызға да қинап берген.
Іс Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мына баптар бойынша қаралды:
- кәмелетке толмаған адамды күш қолдану арқылы психотроптық заттардың тектестерін тұтынуға көндiру (ҚК 299-б. 3-б. 1), 2) т.);
- жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау (ҚК 121-б. 4-б.).
Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.
Менеджердің кінәсі кішкентай бала жәбірленушінің, оның ата-анасының, куәләрдің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
Сотталушымен жасалған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек бас бостандығынан айыру жазасын, ал Қылмыстық кодекстің 121-б. 4-б. бойынша – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ғана көздейді.
Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын ескере отырып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.