Павлодар облысында Ақсу-2 станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

0
102

Павлодар облысында 1981 жылы салынған Ақсу-2 станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.


Павлодар облысында Ақсу-2 станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

ERNUR.KZ. Нысанды жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Қайта жаңғырту барысында вокзал ғимаратын жаңартуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді. Шатыры мен қасбеті толық ауыстырылып, ішкі бөлмелерді әрлеу жұмыстары орындалды. Инженерлік коммуникациялар – кәріз, су, жылыту жүйелері, электр және әлсіз ток желілері жаңартылды.

Вокзалға іргелес аумақты абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Вокзал маңындағы аумақты ретке келтіру бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп, жолаушылардың вокзалда болу жағдайын жақсартуға және қызмет көрсету жайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Ақсу-2 станциясының вокзалы II санатқа жатады. Станция арқылы Ақсу қаласын Алматы, Астана, Павлодар, Семей, Өскемен және Маңғыстау бағыттарымен байланыстыратын сегіз жолаушылар пойызы өтеді.

Вокзалды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және қала тұрғындары мен қонақтары үшін неғұрлым жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.