Павлодар облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы парамен ұсталды

0
957

Ораз Мұқаш 20 жылдық тәжірибесі бар хирург.


Павлодар облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы парамен ұсталды

ERNUR.KZ. Жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ораз Мұқаш ұсталды, деп жазады Stan.kz.

Шенеунік мемлекеттік сатып алу конкурсында көмек көрсеткені үшін 3 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Ораз Мұқаш 20 жылдық тәжірибесі бар хирург. 2007 жылдан бері мемлекеттік органда, әкімдіктің ведомстволық ұйымдарында қызмет етеді. Павлодарда медициналық мекемені басқарды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметіне келді.

"Ұлттық бюроның Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Павлодар облысының денсаулқ сақтау басқармасы басшысы Ораз Мұқашқа қатысты тергеу жүргізуде. Ол жеке ұйымнан облыс бойынша медициналық мекемелерге дезинфекция жүргізу жұмысы үшін мемлекеттік сатып алу қонкурсында көмек көрсеткені үшін 3 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелді", - деді мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы органның ресми өкілі Жанна Бастарова.