Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Павлодар облысы Успен ауданы Константиновка ауылында "РЭГ Тайм" шаруа қожалығында өрт шыққан, деп жазады sputniknews.kz.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет хабарлағандай, аумағы 500 шаршы метр ірімшік өндіруші цехтің шатыры өртеніпті.
"Өрт 14:12-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан жеті адам мен екі техника жұмылдырылды. Және еріктілерден 30 жұмысшы мен жеті техника қосылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп мәлімет берді Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
"РЭГТайм" шаруа қожалығы – Қазақстандағы ең ірі ірімшік өндірушілердің бірі.