Тарих пәнінің мұғалімі Ильдар Вахитов 25 жаста болған. Ол спортпен айналысып, волейбол командасына жетекшілік еткен
ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін волейбол жарысы кезінде болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Педагог жұмыс істеген мектептің директоры: "Ильдар Вахитов өзін жайсыз сезінгеннен кейін оны ауруханаға жеткізбек болдық", - дейді. Бірақ ұстаз медициналық мекемеге жетпей, жолда көз жұмған.
"25 жастағы Ильдар ойынға қатысты, бірақ біраз уақыттан кейін өзін жайсыз сезінді. Оның қан қысымы көтеріліп кеткендіктен қосалқы ойыншылар қатарына қосылды", - деді Жамбыл ауылы мектебінің директоры Қанат Сұлтанғазин.
Оқу орны басшысының айтуынша, турнирде кезекшілік еткен дәрігерлер мұғалімге алғашқы көмек көрсеткен. Дегенмен оның халі күрт нашарлай бастаған. Ауылдан орталық аудандық ауруханаға дейін – 100 километр. Өкінішке қарай, Ильдар медициналық мекемеге жете алмай қалған.
Жарыс Павлодар облысы Аққулы ауданы Майқарағай ауылында өткен.
Өңірлік басылым хабарлауынша, Ильдар Вахитовтың артында жұбайы мен бір жасар ұлы қалды. Биыл 10 қарашада ол 26 жасқа толар еді.
Ұстаз Жамбыл ауылдық орта мектебінде еңбек еткен