Ауылдың учаскелік инспекторы иттің көшеде адамарға шабуылдап жүргеніне куә болған.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында әйелді ит талап тастады. Ол балаларды қорғамақ болған, деп жазады sputnik.kz.
"17 қараша күні 20.02-де полицияға Шарбақты ауданының Александровка ауылында тұмылдырығы мен қарғыбауы жоқ алабай тұқымды иттің көшеде адамдарға шабуылдап жүргені туралы хабарлама келді", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шақыртуға ауылдың учаскелік инспекторы барды. Ол иттің көшеде адамарға шабуылдап жүргеніне куә болған.
Полиция қызметкері келгенде ит балаларды құтқармақ болған әйелді талап жатты. Әйелді иттен құтқару үшін учаскелік инспекторға травматикалық қару қолдануға тура келді. Ит адамдарға шабуылдауын тоқтатып, қашып кетті.
Иттің иесі әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408 бабы бойынша, итті серуендетудің нормасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.