Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды

0
526

Жол апаты 22 шілдеде шамамен түнгі сағат 01.30-де орын алған.


Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды

ERNUR.KZ. Қызылорда-Павлодар тасжолында 7 жылқыны көлік қағып кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 22 шілдеде шамамен түнгі сағат 01.30-де КамАЗ көлігінің жүргізушісі жылқыларды соққан. Жүк көлігінің артында келе жатқан Hyundai Accent автомобилі де жануарларды соққан. Салдарынан жылқылардың бірі көліктің ішіне кіріп кеткен.

Hyundai Accent автомобилінің 30 жастағы жүргізушісі Екібастұз қаласындағы ауруханаға жеткізілді.




Полиция аттардың иесі Қоянды кентінің тұрғыны екенін анықтаған. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


"Тұрғынға 10 АЕК (27 780 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Жол апатынан зардап шеккен көлік иелері оны сотқа бере алады", - дейді полиция қызметкерлері.