Қайғылы оқиға 21 мамырда болған.
ERNUR.KZ. Павлодарда 6 жастағы бүлдіршін 8-қабаттың терезесінен құлап метр болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, қайғылы оқиға 21 мамырда болған.
«Сағат 20.16-да Шөкин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен жедел жәрдем қызметіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына төрт минутта жетті. Сегізінші қабаттан баланың құлап кеткені анықталды», – делінген басқарма хабарламасында.
Анықталғандай, 2017 жылы туған ұл бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.