Павлодарда бала зорлаған жасөспірім 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды

0
642

Ол орташа қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтемек.


Павлодарда бала зорлаған жасөспірім 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды

ERNUR.KZ. Павлодарда бала зорлаған жасөспірім 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады stan.kz.

Сот жасөспірімді 7,5 жылға бас бостандығынан айырды. Ол орташа қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтемек.

“Сонымен қатар жәбірленушіге кінәлі тараптан 2 миллион теңге өндірілмек. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген материалда.

ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі - кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін бірнеше рет жасау бойынша іс қаралды.

Сотталған азамат өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан.

Сот бұл қылмыстың ерекше ауыр санатқа жататынын және 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын мәлімдеді. Алайда, кәмелеттік жасқа толмағандықтан, заң бойынша 10 жылдан аспайтын бас бостандығынан айыру тағайындалды.