Павлодарда бесінші қабаттан құлаған әйелдің жағдайы ауыр

0
243

​Әйел өз пәтерінің терезесінен құлаған.


Павлодарда бесінші қабаттан құлаған әйелдің жағдайы ауыр

Фото: Павлодар облысының ТЖД

ERNUR.KZ. Павлодарда әйел бесінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бес қабатты тұрғын үйде болған. Әйел өз пәтерінің терезесінен құлап, үйге жапсарлас салынған ғимараттың төбесіне түскен.

«Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, зардап шеккен әйелді төменге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», – деп мәлімдеді Павлодар облысының ТЖД өкілдері.

Дәрігерлер әйелдің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.