Павлодарда екі студент полиция қызметкерлерінің куәлігін жасап сатқан

0
2 634

Ұсталған студенттерден процессор, принтер және жеке куәліктердің қызыл мұқабалары тәркіленді.


Павлодарда екі студент полиция қызметкерлерінің куәлігін жасап сатқан

ERNUR.KZ. Павлодарда студенттер полиция қызметкерлерінің жалған құжаттарын жасап, сатқан, деп жазады zakon.kz.

"10 ақпанда Instagram-дағы аккаунттардың бірінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін дайындау және сату туралы бвидео жарнаманы орналастыру фактісі анықталды", - деді Павлодар облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Учаскелік инспекторлар күдіктілерді анықтады: олар жергілікті жоғары оқу орындарының бірінің екі студенті болып шықты.

Олар үйде отырып, жалған белгілері бар Қазақстанның ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін заңсыз дайындап, жасаған, дейді баспасөз қызметі.

Ұсталған студенттерден процессор, принтер және жеке куәліктердің қызыл мұқабалары тәркіленді. Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және сату фактісіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.