Зардап шеккен ер адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.
ERNUR.KZ. Павлодарда ер адам үшінші қабаттан құлап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы басшысының медициналық бөлім бойынша орынбасары Елена Мищенконың айтуынша, Торайғыров көшесі, 20 мекенжайында бүгін таңертең сағат 7:10-да биіктіктен құлау бойынша тағы бір оқиға тіркелген.
«Торайғыров көшесінде ересек адам мас күйінде үшінші қабаттан құлап кеткен. Травматикалық шок алған. № 1 қалалық аурухананың политравма бөліміне жеткізілді. Өкінішке орай, жоғары қабаттан құлау жағдайлары демалыс күндері жиілейді. Қала тұрғындарынан сақтық шараларын танытуды сұраймыз», – дейді Елена Мищенко.
Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына сегіз минутта жеткен. Зардап шеккен ер адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланады, омыртқасы мен аяғы сынған. Жансақтау бөліміне жатқызылған.
Естеріңізге сала кетейік, кеше үш жасар сәби көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады.