Павлодарда көлігіне жаңа жылдық безендіру жасаған такси жүргізушісіне айыппұл салынды (видео)

0
1 284

Полицейлер көлікті безендіру заңсыз деп айтты.


Павлодарда көлігіне жаңа жылдық безендіру жасаған такси жүргізушісіне айыппұл салынды (видео)

ERNUR.KZ. Павлодар көшелерінде жаңа жылдық гирляндалармен безендірілген такси жүргізушісіне айыппұл салынды, деп жазады Stan.kz.

Куәгерлер Instagram-да павлодарлық таксилердің бірінің көлігіне "Жаңа жылдық шырша такси" деген жазу ілінген видеоны жариялады.Түрлі-түсті шамдармен жарқыраған көлік павлодарлықтарды бей-жай қалдырмады. Адамдарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін автокөлік иесінің көлігін безендіргені қала тұрғындарының көңілінен шықты.

Алайда полицейлер бұл мәселені қолдамады. Олар көлікті безендіру заңсыз деп айтты.


"Осы құқық бұзушылық үшін жүргізушіге қатысты ҚР ОАО 590-бабы 5-бөлігі бойынша "Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқару, сондай-ақ ақаулар болған жағдайда немесе көлік құралдарының жұмысына тыйым салынған" деген айып тағылып, әкімшілік іс қозғалды. Ал 6945 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп түсініктеме берді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.




Такси компаниясының айтуынша, безендіру құралдары көліктен алынып тасталды.


"Біз бір қызметкердің көлігін жарықтандырдық, оны мерекелік түрде безендірдік. Балаларды мерекемен құттықтағымыз келді, жаңа жылға кәмпиттер сыйладық. Бірақ полиция ббұл дұрыс емес екенін айтты. Біз мұны білмедік. Қазір шамдар алынып тасталды" , - деді Павлодар қаласының такси компаниясы.