Павлодардық әйел күйеуінің қазасынан кейін 3 аптадан кейін қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Павлодарда COVID-19 вирусын жұқтырған ерлі-зайыпты бір айда көз жұмды, деп жазады тengrinews.kz.
54 жастағы павлодардық әйел күйеуінің қазасынан кейін 3 аптадан кейін қайтыс болды.
Медицина қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, ол 30 мамырда инфекциялық госпитальдың жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Әйел ауруханада 1 айдан артық уақыт жатқан.
"Науқас ұзақ жылдар бойы жүрек-қан тамырлары ауруларымен есепте тұрды. Ол қант диабеті, бауырдың созылмалы ауруымен есепте тұрды. 26 сәуірде әйелдің жағдайы күрт нашарлап кетті. Оны жансақтау бөліміне көшіріп, тыныс алу аппаратына қостық. Ал 6 мамырда уақытша тыныс алу аппаратына қостық", - дейді Павлодар облыстық денсаулық сақтау бөлімінің қызметкерлері.
Облыстық денсаулық сақтау департаменті науқастың өмірін аман алып қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасағанын айтады.
"Күніне екі рет Нұр-Сұлтан қаласындағы жедел медициналық көмекті үйлестіру ұлттық орталығының сарапшылар тобымен кеңес өткізілді. Қарқынды терапияға қарамастан, 30 мамырда сағат 02:25-те әйел көз жұмды", - дейді қызметкерлер.