Павлодарда күйеуі өртеп жіберген әйел көз жұмды

0
459

Бұған дейін оның жағдайының ауыр екенін дәрігерлер айтқан болатын.


Павлодарда күйеуі өртеп жіберген әйел көз жұмды

ERNUR.KZ. Денесінің 50 пайызын күйік шалған әйелдің жағдайы бірнеше күн бұрын күрт нашарлап кеткен, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Розовка ауылының тұрғыны ауруханада көз жұмған. Бұған дейін оның жағдайының ауыр екенін дәрігерлер айтқан болатын.


- Науқастың жағдайы соңғы күндері нашарлап кетті. Осыған байланысты ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын. Өкінішке қарай, әйел бүгін қайтыс болды, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

34 жастағы әйелді ішімдікке тойып алған күйеуі өртеген. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар оқыс оқиғаға дейін өзара ұрысқан. Кейін әйелі мас күйінде көлік тізгіндемек болған күйеуіне рұқсат бермеген. Ол тоңазытқышта тұрған спиртті алып, әйеліне шашып, оттықпен от қойған.
Өртенгеніне қарамастан әйел күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартқан. Алайда құқық қорғау органдары денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Болған жағдайға қарамастан,отбасының көршілері ерлі-зайыптылардың тату болғанын айтады. Олардың ортақ үш балалары бар. Қазір олар атасы мен әжесінің қолында.