Павлодарда қыстыгүні ағаштар бүршік жарды

0
216

Павлодар облысында биыл ерекше жылы ауа райы байқалады.


Павлодарда қыстыгүні ағаштар бүршік жарды

фото: видео скрин

ERNUR.KZ. Күн суытып, қыс енді басталайын деп жатқанда Павлодарда бүршік жарған ағаштар халықты таңғалдырды, деп жазады tengritravel.kz.

Павлодар облысында биыл ерекше жылы ауа райы байқалады. Қараша айының басында термометрлер 16 градусты көрсетіп тұр. Ауа райы көктемді еске салып, аймақта линден мен сирень гүлдей бастады.

Биологтар температураның күрт өзгеруі өсімдіктерге кері әсерін тигізетінін ескертсе, сарапшы мамандар бұл жағдайды аномальды деп санамайды.

Өсімдіктердің "ерте оянуы" қазір сирек кездесетін құбылыс емес. Мысалы, 2008 жылы облыста жылы ауа райы желтоқсанға дейін созылған. Ол кезде ағаштардың бүршік жарғаны былай тұрсын, сирень гүлдеген.