Облыстық полиция басқармасы аталған ақпаратты растады.
ERNUR.KZ. Павлодарда ер адам 7 жасар өгей қызына сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды almaty.tv.
Мұндай жаға ұстатарлық ақпарат «Не молчи.kz» қорының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. Олардың мәліметінше, 7 жасар қыз қазан айының басында сексуалдық зорлыққа ұшыраған.
«Гинеколог қыздың жарақаттары бар екенін айтуда. Ал сот-медициналық сараптама жоққа шығарды. Біз балалардың өмірі үшін күресіп жатырмыз ба әлде статистика үшін бе?» - деп жазды қордағылар.
Павлодар облыстық полиция басқармасы аталған ақпаратты растады. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«Бүгінгі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Біләлова.