Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылды

0
533

Әйел денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар.


Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылды

ERNUR.KZ. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады Рavlodarnews.kz.


«9 қараша күні сағат 12:00-де полицияға ер адамнан Айманов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі пәтерден төрт адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы пәтер иесі үйге оралғаннан кейін есікті аша алмағанын анықтады, өйткені есік ішкі жағынан жабылған. Көршілерден құралды алып, есікті ашқан», – делінген облыстық ПД баспасөз мәлімдемесінде.


Пәтерге кірген кезде бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайының және үш баланың (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) денесін көрген.

Ерлі-зайыптылар бірге тұрады, балалары ортақ некеден туған. Пәтердегі тәртіп бұзылмаған. Полицияны жолдасы шақырған.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Аталған үйдегі тұрғынның айтуынша, көршілер болған оқиғадан шошып қалған.


– Олар осы жақтан емес. Үш баласы болды. Әйел жас, сүйкімді еді. Ол балаларын Ертіске апаратын, қорғап жүретін. Балалар әрқашан таза, ұқыпты киінетін. Олар туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Біз барлығымыз есеңгіреп қалдық, – дейді сол үйдің тұрғыны.