Павлодарда Ресей президентінен Қазақстан аумағына әскер кіргізуді сұраған әйел ұсталды (видео)

0
78

Күдіктінің бұған дейін есірткі заттарын сату дерегі бойынша сотталғаны белгілі болды.


Павлодарда Ресей президентінен Қазақстан аумағына әскер кіргізуді сұраған әйел ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. Павлодарда арандатушылық сипаттағы видео жариялап, Ресей президентінен Қазақстан аумағына әскер кіргізуді сұраған әйел ұсталды, деп жазады stan.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде павлодарлық әйелдің қазақ халқына тіл тигізіп, Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты пікір айтқан видеосы тараған еді.

Ұлттық қауіпсіздің комитетінің мәліметінше, күдікті 28 қазанда прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында ұсталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ комитет күдіктінің бұған дейін есірткі заттарын сату дерегі бойынша сотталғанын мәлімдеді.

ҰҚК қылмыстық-процестік кодекске сәйкес іске қатысты өзге ақпаратты жария етілмейтінін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар желіде Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді тексеруді талап еткен еді.