Ақтөбеде ер адам TikTok-та балағат сөз айтқаны үшін қамауға алынды

0
385

​Ақтөбеде ер адам TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.


Ақтөбеде ер адам TikTok-та балағат сөз айтқаны үшін қамауға алынды

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтады. Ол 42 жастағы Абдулла Қоңырбаев болып шықты, деп жазады kaz.inform.kz

Сот шешімімен ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Полиция ескертеді: әлеуметтік желілер — бұл қоғамдық кеңістік. Тікелей эфир заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.