Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлап кеткен кішкентай қыз аман қалды

0
381

​Ол ауыр жарақат алып, ес-түссіз күйде ауруханаға жатқызылды.


Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлап кеткен кішкентай қыз аман қалды

ERNUR.KZ. Бір жарым жасқа толмаған қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті, деп жазады sputnik.kz.

Олардың мәліметінше, 15 мамырда сағат 18.17-де Павлодардағы 103 қызметіне қала тұрғындары қоңырау шалып, Толстой көшесі, 90 мекенжайында орналасқан үйдің тоғызыншы қабатынан кішкентай қыз құлап кеткенін айтқан.
Дәрігерлер алты минут ішінде оқиға орнында болды. Жедел жәрдем сәбиді шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген қыз ауруханаға ауыр бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежеде соғылуы, мидың ісінуі диагнозымен түскен.
Сонымен қатар 3-дәрежелі кома күйде болған, өкпесіне, бүйрегіне зақым келген, бауыры жыртылған, 3-дәрежелі зақымданудан шок алған, қан ұюы бұзылып, ауыр дәрежеде қаназдыққа шалдыққан.
Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.