Павлодарда трамвай жол апатына ұшырады

0
217

Трамвай жүргізушісін жауапкершілікке тарту үшін материал жиналады.


Павлодарда трамвай жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. Павлодарда трамвай мен жеңіл көлік соқтығысты, деп жазады sputnik.kz.

Оқиғаға қоғамдық көлік кінәлі болған.
"Трамвай жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, трамвай жолдарындағы қиылыста тұрған Тойота Камри маркалы автокөлікпен соқтығысқан", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Трамвай жүргізушісін жауапкершілікке тарту үшін материал жиналады, дейді полиция.