Үйдің 15 тұрғыны, оның ішінде жеті бала өздері эвакуацияланды.
ERNUR.KZ. Павлодарда үйдің балконы жанып, пәтер иесі зардап шекті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 30 шілдеде түнгі сағат 00:03-те Ломов көшесі, 41 мекенжайы бойынша бесінші қабатта балкон жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Бір бөлмелі пәтерде 12 шаршы метр аумақта киім мен жиһаз жанғаны анықталды. 39 жастағы үйдің иесі №1 қалалық ауруханаға күйік бөлімшесіне жатқызылды", – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге бес бірлік техника және 22 қызметкер жұмылдырылды.
Жарты сағаттан кейін 00:31 өрт сөндірілді. Үйдің 15 тұрғыны, оның ішінде жеті бала өздері эвакуацияланды.