Павлодарда жас қыз төртінші қабаттан құлап кетті

0
743

Бойжеткеннің жағдайы ауыр.


Павлодарда жас қыз төртінші қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Павлодарда 18 жастағы қыз төртінші қабаттан құлап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 14 наурыз күні сағат 13:04-те Ген. Дүйсенов мекенжайындағы тұрғын үйдің төртінші қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама түсті. Медициналық бригада төрт минуттың ішінде жетті.

«Зардап шеккен қыз реанимацияға жатқызылды. Оның жамбас сүйектері сынған және басқа да ауыр жарақаттар алған», – деп хабарлады №1 қалалық ауруханадан.