Павлодарда жасөспірім телефонмен ойнауға тыйым салған әкесін пышақтап тастаған

0
1 170

Жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмағандар істеген 11 қылмыс тіркелді.


Павлодарда жасөспірім телефонмен ойнауға тыйым салған әкесін пышақтап тастаған

ERNUR.KZ. Павлодарда жасөспірім телефонда ойнауға тыйым салған әкесін пышақтап тастаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәлімеінше, Павлодар қаласы тұрғынының пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Белгілі болғандай, пәтерде 2007 жылы туған, кәмелетке толмаған бала мен оның әкесінің арасында жанжал болған. Әкесі баласына телефонда ойнағаны және үйді жөндеуге көмектесуден бас тартқаны үшін ескерту жасаған. Телефонды алып, ер адам үйдің ауласына бет алған, сол кезде жасөспірім әкесіне ашуланып, ас үй пышағын алып әкесін пышақтаған», - деді облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Ер адам пышақ жарақатымен Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылған.

«Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді Жасқайрат Қайыров.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында кәмелетке толмағандар істеген 11 қылмыс тіркелген.