Павлодардағы кафеде адамдар газдан уланған

0
527

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.


Павлодардағы кафеде адамдар газдан уланған

ERNUR.KZ. Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясына өткен жексенбіде кешкі сағат 18:05-те Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан кафеде көміртегі тотығымен жаппай улану деген шақырту келіп түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Дәрігерлер сегіз минутта оқиға орнына жетті. Бес адам зардап шекті– 27 және 40 жастағы екі ер адам. Оларды орташа уланумен №1 қалалық ауруханаға жеткізді», – деді станцияның баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, 7 және 16 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал 62 жастағы зардап шеккен тағы бір ер адам көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартты.