Арыз көбейіп, шағым артқан соң асхананы жалға алатын 5 кәсіпкерге 1 миллион теңге шамасында айыппұл салынды.
ERNUR.KZ. Павлодардағы мектеп асханаларында тамақтан құрт пен тарақан шыққан, деп жазады kaz.zakon.kz.
Арыз көбейіп, шағым артқан соң асхананы жалға алатын 5 кәсіпкерге 1 миллион теңге шамасында айыппұл салынды
Айыпталған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған. Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілік арқаламақ.
"Білім беру бөлімі мен 4 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды. Негізгі мақсат – айыппұл салу емес. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу".Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин