Павлодарлық әйел 30 миллион теңгесінен айырылды

0
338

Тергеу әйелдің алаяқтар құрбаны болғанын көрсетті.


Павлодарлық әйел 30 миллион теңгесінен айырылды

ERNUR.KZ. Павлодарлық әйел алаяқтарға алданып, 30 миллион теңге несие ресімдеп жіберген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Тұрғынға «ҰҚК майоры» қоңырау шалып, оның атына шот ашылғаны және бұрын сотталған және іздеуде жүрген ер адамның атына 1 500 000 теңге аударылғаны туралы хабарлайды. Өз шоттарын қорғау үшін жәбірленуші «Ұлттық банк қызметкерінің» айтқандарын істеуге келіседі. Оның нұсқауларына сүйене отырып, қорыққан әйел банкке барып, өзінің депозиттік шотынан 15 000 000 теңгені алып, ертерек ұсынылған деректемеге 5 миллион теңгеден астам соманы аударып жіберген. Осындай бірнеше ұқсас операциялар жасады. Кейін алданғанын түсінген ол полицияға жүгінді», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Тергеу әйелдің алаяқтар құрбаны болғанын көрсетті.

Қазіргі уақытта жедел уәкілдер соңғы екі жылда ҚР аумағында нөмірлері ретрансляцияланбаған абоненттердің орналасқан жерін анықтауға сұрау салды. Қылмыс жасағандарды және олардың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр.