Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің оқушылары арасында жыл сайын өтетін бірегей зияткерлік жарысқа әлемнің 22 елінің физиктері қатысқан.
ERNUR.KZ. Қазақстан құрама командасы құрамында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Дияр Түленов Австралияда физикадан қола медаль жеңіп алды, деп жазады ktk.kz.
Білім беру мекемесі баспасөз қызметінің мәліметінше, 20-шы Азия олимпиадасына Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Тайланд, Тайвань, Вьетнам сияқты әлемнің 22 елінің физиктері қатысқан.
Физикадан Азия олимпиадасы – Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің оқушылары арасында жыл сайын өтетін бірегей зияткерлік жарыс 2000 жылдан бері 19 жыл өткізіліп келеді.