Павлодарлық оқушы сыныптасы мен мұғаліміне пышақ сұғып алды

0
309

Суық қару қолданған оқушы ұсталды.


Павлодарлық оқушы сыныптасы мен мұғаліміне пышақ сұғып алды

ERNUR.KZ. Павлодар мектептерінің бірінде оқушы сыныптасы мен ұстазына пышақ сілтеді. Оқыс оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Полицияның мәліметінше, суық қару қолданған оқушы ұсталды.

“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды”, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.