​Павлодарлық полицейлер өрттен балалар мен әжейді құтқарып алды

0
929

Пәтер өртенген үйдің тұрғындарын құтқарушылар мен полицейлер жылдам эвакуациялаған. Үйдің іші қою түтінге оранып, түк көрінбегендіктен, қол шамымен жүріп адамдарды құтқаруға тура келген.


​Павлодарлық полицейлер өрттен балалар мен әжейді құтқарып алды

ERNUR.KZ. Ақсу қаласында полицейлер өртенген көпқабатты үйдің тұрғындарын құтқарды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Түнгі үште Ақсу қаласының полиция бөліміне М.Әуезов көшесіндегі үйдің бірінші кіреберісіндегі пәтерден өрт шыққаны туралы хабар келді. Оқиға орнына шұғыл түрде кіші сержант Саттар Бақбергенов пен кіші лейтенант Асқар Арыновтан құралған автопатруль жіберілді», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пәтер өртенген үйдің тұрғындарын құтқарушылар мен полицейлер жылдам эвакуациялаған. Үйдің іші қою түтінге оранып, түк көрінбегендіктен, қол шамымен жүріп адамдарды құтқаруға тура келген.

«Полицейлер әр қабаттағы пәтерлерді аралап жүріп, тұрғындарды оятып, сыртқа шығара берді. Пәтердің бірінен сыртқа алып шыққан бес бала түтінге тұншығып қалмауы үшін оларды орап алған», - дейді департамент өкілдері,

Балаларды қауіпсіз жерге жеткізілген соң, олар көрші пәтердегі әжейді де құтқарды.

«Әжейді көрпеге орап алып шығып, «жедел жәрдем» қызметкерлеріне тапсырды», - дейді ведомство өкілдері.